Келес аудандық мәслихат депутаттары мен аудан халқының назарына !

Келес аудандық мәслихат депутаттары мен аудан халқының назарына !

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясы 2025 жылдың  25 қыркүйек күні сағат 10:00-де Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймыз.   

                                                        Сессия қарауына енгізілген мәселелер: 

  1. Аудан әкімінің, оған жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалу туралы;
  2. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  3. Келес ауданының білім бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  4. Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  5. Келес ауданының қыс мерзіміне дайындығы туралы;
  6. Ақтөбе ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  7. Бірлік ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  8. Бірлесу ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы.

               Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

          Аудандық мәслихат
         төрағасы                                                                              Н.Шаулиев