КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХVІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХVІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы болып өтті. Сессияға мәслихат төрағасы Н.Шаулиев төрағалық етті. Халық қалаулылары бас қосқан алқалы жиынға аудан әкімі Ж.Агибаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді:

  1. 2024 жылға арналған Келес аудандық бюджетінің орындалуы туралы;
  2. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мақұлдаған Келес ауданы бойынша 2024 жылғы Келес ауданының бюджетінің атқарылуы туралы;
  3. «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Келес аудандық мансап орталығы» филиалының бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  4. Ұшқын ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  5. Жүзімдік ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  6. Қошқарата ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  7. Келес ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ауданның кірістер бөлігі бойынша атқарған жұмыстары туралы;
  8. Келес ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы;
  9. Келес ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы;
  10. Келес ауданының кейбір елді мекендерінің жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту туралы.

 

Жалпы, сессия жұмысында аталған мәселе бойынша шешім бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.