Кеген аудандық қоғамдық кеңесін қалыптастыру
жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу
бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Кеген аудандық мәслихаты Кеген аудандық қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Кеген аудандық қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына кандидатуралар туралы ұсыныстарды қабылдайтын мемлекеттік орган – Кеген аудандық мәслихатының аппараты, пошта мекенжайы: Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Райымбек көшесі, № 10, индекс 041400.
Электронды поштаның мекен-жайы – kegen_maslinat@mail.ru
тел.87086701907