Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті Кеген ауданының тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүрегімнен құттықтаймын!
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік сезімін биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін маңызды мереке.
Тәуелсіз ел болғаннан бері біз көптеген табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тәуелсіз болуы, ұлттық тынышытығы, экономикамыздың дамуы, тұрғындардың өз болашақтарына деген сенімі- осының айғағы.
Сондықтан, бұл күн жас мемлекетіміз үшін- ынтымақ және татулық , береке - бірлік пен болашаққа деген сенімнің мерекесі болып табылады.
Қымбатты жерлестер!
Біз жүз жылға татитын отыз бір жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өттік, биік белестерді бірге бағындыра білдік.
Біздің дұрыс жол таңдап, адамгершілік пен сенімге негізделген парасатты саясат жүргізгендігімізді өткен уақыттың өзі дәлелдеп берді.

Сіздерді тағы да Тәуелсіздік Күнімен шын жүрегімнен құттықтап, еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деймін! Баршаңызға бірлік пен береке, татулық пен жақсылық тілеймін!

Кеген аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Әлімбай