Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Кеген аудандық мәслихаты Кеген ауданының аумақтық, 8 округтік, 11 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Учаскелік және округтік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.
Әр бір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026жылғы 02 маусымға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөр мен бекітілген және орындалуд атасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 02 маусымға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 08:00-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағ.12:30-ден 14:00-ға дейін.
Кеген аудандық мәслихатының төрағасы–А. Нұғман.
Мәслихаттың орналасқан жері: Кеген ауылы, Момышұлы көшесі, 19А, Кеген аудандық мәслихатының ғимараты
Жауапты тұлға – Сагинбеков Нұрман Сәрсебекұлы, 3 қабат, № 55 каб., ұялы телефондарыныңнөмірі: 87086701907, 87714438106, электрондық пошта мекенжайы: kegen-maslihat@mail.ru
Аудандық мәслихатаумақтық сайлау комиссиясының 1, 8 округтік сайлау комиссиясының 15, 14 учаскелік сайлау комиссияларының 21 мүшелерін сайлайды.
|
№ р/с |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Аумақтық сайлаукомиссиясы-1 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
1. |
|
Кеген ауылы, Б. Момышұлы көшесі, «Кеген ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимараты. Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясы |
1 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Учаскелік сайлау комиссиялары-11 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
1. |
№557 |
Кеген ауылы, Б. Момышұлы көшесі, № 3, К. Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицей ғимараты |
2 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
2. |
№558 |
Кеген ауылы, Б. Атыханұлы көшесі, №13, Ө. Жаңабаев атындағы орта мектебінің ғимараты |
1 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
3. |
№559 |
Кеген ауылы, М. Лебаев көшесі, № 1, С. Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназиясының ғимараты |
2 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
4. |
№560 |
Түменбай ауылы, Ақшоқы көшесі, № 17, Түменбай бастауыш мектебінің ғимараты |
1 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
5. |
№562 |
Бөлексаз ауылы, Күлшашарұлы көшесі, №11, Бөлексаз орта мектебінің ғимараты |
1 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
6. |
№564 |
Жаңа Тасашы ауылы, Райымбек көшесі, №6, Тасашы орта мектебінің ғимараты |
1 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
7. |
№569 |
Талды ауылы, Р. Рақышұлы көшесі, № 3, Талды негізгі мектебінің ғимараты |
1 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
8. |
№571 |
Кеңсу ауылы, А.Ожаров көшесі, № 20, Кеңсу бастауыш мектебінің ғимараты |
1 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
9. |
№576 |
Жылысай ауылы, Абай көшесі, №20, М. Орманов атындағы орта мектебінің ғимараты |
1 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
10. |
№578 |
Жайдақбұлақ ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, №31, Сейдахмет Босқынбаев атындағы негізгі мектеп ғимараты |
2 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
11. |
№582 |
А.Нүсіпбеков ауылы, М.Әуезов көшесі, №30, А.Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназиясы ғимараты |
1 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
12. |
№589 |
Қарқара ауылы, Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасы, «Қарқара» шекара бөлімшесі, |
2 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
13. |
№590 |
А.Нүсіпбеков ауылы, Қарасай ауданы бойынша Шекара басқармасы, «Рабат» шекара бөлімшесі, |
2 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
14. |
№591 |
Саты ауылы, Қарасай ауданы бойынша Шекара басқармасы, «Саты» шекара бөлімшесі |
3 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Кеген аудандық мәслихатының аппараты» ММ