Кеген аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясы.
2026 жылдың 09 ақпан күні сағат 10:00 де Кеген аудандық мәслихатының кезектен тыс XLII сессиясы өтті.
Сессияда қаралған күн тәртібінде алты мәселе болды
- Қазақстан республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2 тармағына және 43-1-бабына сәйкес Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру ерекшеліктеріне сәйкес құрылған жер комиссиясының құрамын бекіту туралы;
- «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу комиссиясының құрамын бекіту туралы;
- Кеген ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы;
- Кеген ауданындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы;
- Кеген ауданының Кеген, Шырғанақ ауылдық округтеріне қарасты көшелерге атау беру туралы; 6. Кеген ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу Аталған алты мәселе бойынша ұсыныстар қаралып, шешім қабылданды.