Кеген аудандық мәслихатының тұрақты комисияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 05 ақпанда өтті.
Тұрақты комиссия отырысында келесі мәселер каралды.
Қазақстан республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2 тармағына және 43-1-бабына сәйкес Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру ерекшеліктеріне сәйкес құрылған жер комиссиясының құрамын бекіту туралы;
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу комиссиясының құрамын бекіту туралы;
Кеген ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы;
Кеген ауданындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы;
Кеген ауданының Кеген, Шырғанақ ауылдық округтеріне қарасты көшелерге атау беру туралы;
Кеген ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу.
Аталған мәселелер талқыланып, сессия отырысында қарау туралы қаулы қабылданды.