
Құрметті кітапханашылар!
Сіздерді Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Кітап - білімінің кілті, ал оны оқырманға жеткізетін сіздердің еңбектеріңіз - баға жетпес қазына.
Сіздер - руханият пен мәдениеттің жанашыры, ұрпаққа бағыт беруші асыл жандарсыздар.
Шығармашылық табыс, зор денсаулық, толағай жетістіктер тілейміз.
Кітапханаларымыз өркендеп, оқырмандар легі арта берсін.
Ізгі ниетпен: Мәслихат төрағасы Алмасбек Нөкербанұлы