«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Кеген ауданында ағаш егу шарасы өткізілді.
Аудан жұртшылығы қызу қолдаған айтулы шараға Кеген аудандық мәслихатының төрағасы А. Нұғман, аппарат басшысы У. Ақжігіт және аппарат қызметкерлері қатысты. Орталық алаңдағы сахна маңайына және З. Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің ауласына шырша және балқарағай көшеттері отырғызылды.