Ауданық қоғамдық кеңес отырысы

Ауданық  қоғамдық  кеңес  отырысы

10 қыркүйек 2025 жылы аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1.«Қарқара ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы, 2025 жылдың 7 айында ауылдық округ бойынша атқарған, алда атқаратын жұмыстары     және бөлінген  бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы, жергілікті қоғамдастық жиналысымен байланысы жайлы ауылдық округ әкімі Е.Сабырбековтың есебі.

2.Ауданның «Мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 8 айында аудан бойынша атқарған, алда атқарылатын жұмыстары  жайлы бөлім басшысы Т.Тәтібаевтың есебі.

  1. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы аясында ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасына орай, Кеген ауылынан ұлықталып келген Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көше атауын беру жөнінде, сонымен қатар республикалық «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген ауданнан шыққан тарихи тұлғаларға атауы жоқ көшелермен, қайталанатын көшелерді беру туралы ауданның «Мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және  спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 18 тамыз 2025 жылғы 01-11/117 санды хаты.
  2. Кеген ауданының «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудан көлемінде шағын және орта бизнесті дамытуда 2024 жылы атқарған, 2025 жылы  атқарып жатқан жұмыстары туралы  бөлім басшысы А.Оспановтың есебі

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе  бойынша:

«Қарқара ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы, 2025 жылдың 7 айында ауылдық округ бойынша атқарған, алда атқаратын жұмыстары     және бөлінген  бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы, жергілікті қоғамдастық жиналысымен байланысы жайлы ауылдық округ әкімі Сабырбеков Ернұр Асанұлы баяндама жасады.

Баяндаманы тыңдап, талқылай келе ауданның  қоғамдық кеңесі    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Қарқара ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы, 2025 жылдың 7 айында ауылдық округ бойынша атқарған, алда атқаратын жұмыстары және бөлінген  бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы, жергілікті қоғамдастық жиналысымен байланысы жайлы  ауылдық округ әкімі Е.Сабырбековтың есебі  еске алынды.
  2. Бүгінгі отырыс барысында айтылған ұсыныс пікірлерді ескере отырып, ауылдық округтегі жұмыстарды жандандыру, мамандардың жауапкершілігін арттыру, жергілікті қоғамдастық жиналысымен тығыз жұмыс істеу, ауылдық округ әкімі Е.Сабырбековке ұсынылды.
  3. Қарқара ауылдық мәдениет үйінің құрылыс жұмысы толық бітпегендіктен, ол жерде жұмыс істеп отырған мекемелерді басқа жерге орналастыруға ықпал етіп, ғимаратты босатып беру ауылдық округ әкімі Е.Сабырбековке ұсынылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе  бойынша:

Ауданның «Мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және  спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 8 айында аудан бойынша атқарған, алда атқарылатын жұмыстары  жайлы бөлім басшысы Т.Тәтібаев баяндама жасады.

Ауданның  қоғамдық кеңесі    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ауданның «Мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 8 айында аудан бойынша атқарған, алда атқарылатын жұмыстары  жайлы бөлім басшысы Т.Тәтібаевқа кітапхана, спорт, мәдениет үйлері басшыларын қатыстыра отырып, келесі отырыста қайта есеп беруі ұсынылды. .

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе  бойынша:

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы аясында ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың  тапсырмасына орай, Кеген ауылынан ұлықталып келген Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көше атауын беру жөнінде, сонымен қатар республикалық «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген ауданнан шыққан тарихи тұлғаларға атауы жоқ көшелермен, қайталанатын көшелерді беру туралы ауданның «Мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және  спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бас маманы Ғ.Бозымбаева және тиісті ауылдық округ әкімдері  хабарлама жасады.

 

Ауданның  қоғамдық кеңесі    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ұлықталған ҰОС ардагерлері Алғабас ауылдық округі, Алғабас ауылынан Қадыр Сәулеевке, Жалағаш ауылдық округі, Жалағаш ауылынан бойынша Әмірше Бейсенбаевқа, Тоғызбұлақ ауылынан Арғынбек Бұланбаевқа, Меркі ауылынан Оразай Көпбаевқа берілетін көшелер болмағандықтан, көше атауын беру кейінге қалдырылсын.     Республикалық «Тарихи тұлғалар» тізіміне енген А.Найманбайұлы жайлы тарихи деректерді анықтау қажет, көше атын беру кейінге қалдырылсын.

    Ұсынылған тізімге сәйкес басқа тұлғаларға тиісті ауылдық округтердің  ауылдарынан көше атаулары берілсін.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе  бойынша:

Кеген  ауданының «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудан  көлемінде шағын және орта бизнесті дамытуда 2024 жылы атқарған, 2025 жылы  атқарып жатқан жұмыстары туралы  бөлім басшысы А.Оспанов баяндама жасады.

Ауданның  қоғамдық кеңесі    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Кеген ауданының «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудан көлемінде шағын және орта бизнесті дамытуда 2024 жылы атқарған, 2025 жылы  атқарып жатқан жұмыстары туралы  бөлім басшысы А.Оспановтың есебі  толық болмағандықтан, келесі отырыста қайта есеп беру ұсынылды.