5 шілде күні Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ж. Жөргенбаев, Ж. Әшімжан жұмыс сапарымен Кеген ауданында болды.
Сапар аясында Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы Сауда көлік-логистикалық орталығына қатысты мәселелер қаралып, талқыланды. Қарқара ауылынан бастау алатын «Мөңкебай» каналында жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен танысты.
«Көкпек-Кеген-Түп» және «Жалағаш-Көлсай-Саты» бағытындағы автожолдың техникалық жағдайын және жол инфрақұрылымдарымен танысты.