1 шілде 2025 жылы сағат 14-30-да Кеген аудандық мәслихатының төрағасы А. Н. Нұғман бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес Тұйық ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында Тұйық ауылында жұмыс істеп жатқан «Слава Мұнай Сервис» ЖШС-ында жұмыс істейтін жергілікті жігіттердің еңбек ақысын, сол жерде істеп жатқан қытай азаматтарының жалақысымен бірдей көтеруі жайлы ұсыныс жасалды.
Ауылдың ішкі жұмыстарына техникалар керек (кран, погрузчик), жергілікті әкімшілікте ондай техникалар жоқ. Мүмкіндік болса жұмыс жасауға техникалармен көмектесу жайында ұсыныс айтылды.
Ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтарға нақты жауаптар алынып, Кеген аудандық мәслихатының алдағы уақытта қолға алатын жұмыстары жайында айтылды.