2025 жылдың 22 мамыр күні Кеген аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
1.«Тұйық ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы ауылдық округ бойынша атқарған жұмыстары, бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы, 2025 жылы атқаратын жұмыстары туралы есебі;
- «Тұйық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруда атқарған жұмыстары туралы есебі.
- Ауданның «Жер қатынастары бөлімі» ММ-нің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесін қарап, уәжді негіздеме беру туралы.
Қаралған мәселелер назарға алынып, ұсыныстар енгізілді.