АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 34 СЕССИЯСЫ МЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 34 СЕССИЯСЫ МЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 34 СЕССИЯСЫ МЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы мен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмыс жоспарына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді.
Комиссия отырысына аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Әбсұлтанов, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Комиссия отырысына аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының күн тәртібінде «Аудандағы жер учаскелерінің нысаналы мақсатта пайдалану бағытында атқарылған жұмыстар туралы» мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша аудандық жер қатынастары мен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркін Сейтов хабарлама жасап, аудандық мәслихаттың депутаттары: Ғазиз Әліш, Эльмира Нұрмағанбетова мемлекет меншігіне қайтарылған жеке және кәсіпкерлік мақсаттағы жерлерді кезекте тұрған тұрғындарға кезектілігіне сәйкес беру туралы, Әділбек Сарабеков көктем мезгілі келе жатқандықтан, аудан тұрғындары жер қойнауын пайдалану үшін /саз, құм/ карьер ашу жұмыстарын үйлестіру жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Әліш Ғазиз аудандағы жер учаскелерінің нысаналы мақсатта пайдалану бағытындағы жұмыстар Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес атқарылуы керектігі жөнінде айтты. Комиссия отырысының соңында депутаттардың дауысқа салу қортындысымен тиісті қаулы қабылданды.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысынан соң аудандық мәслихаттың кезектен тыс 34 сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Әбсұлтанов, қала, кент, ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты. Сессияға аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті. Сессияның күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылды:
1. «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №347 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2.Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы комиссияның құрамын бекіту туралы;
3. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің кейбір көшесіне атау беру туралы;
4.Қазалы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы.
Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бахытжан Жарылқап хабарлама жасап, аудан бюджетіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Күн тәртібіндегі екінші және үшінші мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Әлиев, төртінші мәселе бойынша аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Орысбек Жәмшейтов хабарлама жасады.
Хабарламашыларға депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, күн тәртібіне шығарылған 4 мәселе бойынша депутаттардың дауысқа салу қортындысымен шешім қабылданды.
Сессия алдында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізіліп, сессияға ұсынылған мәселелер жан-жақты талқыланды.