ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ
Кеше облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тлеумбетов пен құрамында облыстық мәслихаттың депутаттары: Жанкелді Ысқақ, Ібайдулла Тілеп, Нұрлан Имандосов жұмыс сапарымен ауданымызда болып, Абай, Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, аудандық мәслихаттың депутаттары Әділбек Сарабеков, Нұрғиса Жалғасбаев және ауыл тұрғындары қатысты.
Облыстық мәслихаттың төрағасы ауыл тұрғындарына облыс әкімінің бастамасымен өңірімізде іске асырылып жатқан жұмыстарды хабарлап, депутаттардың атқарушы органдармен бірлесе атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.
Ауыл тұрғындары жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, мектеп, балабақша салу, қоғамдық көлік мәселесін реттеу, тағы да басқа әлеуметтік мәселелерді депутаттар назарына жеткізді. Халық қалаулылары айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуын бақылауға алатындарын білдірді.
Кездесу барысында облыстық мәслихаттың төрағасы М.Тлеумбетов Бекарыстан би ауылындағы №24 мектепті аралап, білім ошағының күрделі жөндеуге жарамайтынына көз жеткізді. Сондай-ақ, Ғ.Мұратбаев ауылындағы №91 мектепте болып, ауыл тұрғындары мектептің апаттық жағдайда екенін айтып, жаңадан мектеп салу қажеттігін білдірді.