Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс 41 сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық бағыныстағы басқарма басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, әкімдікке қарасты дербес бөлімдер басшылары қатысты. Сессияға аудандық мәслихаттың төрағасы Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібінде қаралған «Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және Шәкен ауылдық округіндегі атауы жоқ көшелерге көше атауын беру туралы» және басқа да ағымдағы мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байғабылұлы хабарлама жасады.
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай жоғарғы органның сараптамасынан өткен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тізімдері кент, қала, ауылдық округ әкімдіктеріне жолданып, жергілікті жерде ономастиканың қолданыстағы заңнама талаптарының алгоритміне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп, атауы жоқ көшелерге басым бағыт берілді.
Осыған сәйкес, Әйтеке би кентінен-14, Қазалы қаласынан-5, Шәкен ауылдық округінен-1, барлығы 20 Ұлы Отан соғысы қатысушыларына көше атаулары мен басқа да ағымдағы мәселелер қаралып, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан тиісті шешімдер қабылданды.