Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізу жайлы хабарландыру

Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізу жайлы хабарландыру

Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V   Заңының 10 бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:

1) Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;

3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде 2025 жылдың 14 қаңтарынан бастап 2025 жылдың 27 қаңтары  аралықта хабарландыруда көрсетілген құжаттарды Қармақшы аудандық мәслихатына қолма-қол береді немесе электрондық мекен-жайына karmakshi_maslihat@mail.ru жолдайды.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамы азаматтық қоғамнан (коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан) 10 (он) мүше, мемлекеттік органнан өкілдік етудің сандық құрамы 3 (үш) мүше барлығы 13 мүше болып айқындалған.

 «Қармақшы аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің мекен-жайы: «Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт-Ата көшесі №1үй, «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі, құжаттарды қабылдауға жауапты Б.Карибаев, күнделікті сағат 09.00 мен 19.00  аралығы (жұмыс күндері). Түскі үзіліс сағат 13.00 мен 15.00 аралығы, телефон: 2-16-46, ұялы телефон: 87055774009.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы