АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Жақында Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың төрағалығымен қоғамдық кеңес отырысы болып өтті.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ:
1. Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесінің құрамына өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ә.Құлдүйсенов.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Жылтыров.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық электр торабы бастығының міндетін атқарушы Т.Кенбаев.
Аудандық қоғамдық кеңес отырысында өз өтінішіне сәйкес Қармақшы аудандық қоғамдық кеңес мүшелігінен босатылған Аблакиев Ерсин Садуовичтің орнына резервте тұрған Қыпшақбаев Мұхит Әбдірашұлы Қармақшы аудандық қоғамдық кеңес мүшелігіне қабылданды.
Осымен қатар кеңес отырысында «Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №352 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобалары мақұлданып, келісім берілді.
Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының хабарламалары тыңдалып, талқыланып, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан шешімдер қабылданды.
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ