АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Бүгін Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың төрағалығымен қоғамдық кеңес отырысы болып өтті.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ:
Есеп беруші: Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғ.Кенжеғұлов.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғ.Кенжеғұлов.
Хабарламашы: Жосалы кенті әкімінің орынбасары Б.Сәден.
Хабарламашы: Қуаңдария ауылдық округінің әкімі А.Аймырзаев.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының есептері мен хабарламалары тыңдалып, талқыланып, аудандық қоғамдық кеңес тарапынан шешімдер қабылданды.
Кеңес отырысында «Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 224 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы және «Жосалы кентінің көшесіне атау беру туралы» Жосалы кенті әкімінің шешім жобасы мен «Қуаңдария ауылының көшесіне атау беру туралы» Қуаңдария ауылдық округі әкімінің шешім жобасы мақұлданып, келісім берілді.
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ