АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ 

Кеше Қармақшы аудандық «Руханият орталығында» аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың төрағалығымен қоғамдық кеңес отырысы болып өтті. 

 

      КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ:

  1. «2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы».

Есеп беруші: Қармақшы аудандық экономика және қаржы 

бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла.

 

  1. «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы             09 тамызындағы «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай өтемақылардың мөлшерін айқындау туралы» №993 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобасы жайлы.

          Хабарламашы: «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» КММ-нің мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Т.Сүлеев.    

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының есептері мен хабарламалары тыңдалып, талқыланып, аудандық қоғамдық кеңес тарапынан шешімдер қабылданды.  

Кеңес отырысында «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 09 тамызындағы «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай өтемақылардың мөлшерін айқындау туралы» №993 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобасы мақұлданып, келісім берілді.

  

ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ