«ҚРДСМ СЭБ Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімшесінің атқарып жатқан жұмыстары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен нәтижелі жұмысының жай-күйіне» жүргізілген қоғамдық мониторинг жүргізу жұмыстары жайлы
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ Заңын және Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 2 қазандағы «Қоғамдық бақылау туралы» № 30-VIII ҚРЗ Заңын басшылыққа алып, Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелері тарапынан «ҚРДСМ СЭБ Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімшесінің атқарып жатқан жұмыстарына және зертханалық зерттеулердің сапалы әрі жедел, санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен ережелерге сай жүргізілу барысына қоғамдық мониторинг жасалды.
Мониторинг барысында денсаулықты қорғау үшін дер кезінде шара қабылдауда санитариялық-гигиеналық, биологиялық қауіпсіздік саласындағы жұмыстар зерделеніп, жұмыс сапасын арттыру үшін заманауи жабдықтар мен зертханалық қызметтің қауіпсіздігін, тиімділігін арттыруға бағытталған тәжірбиелер жайлы айтылды.
Аудан көлемінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын-алу, санэпидқызмет көрсетушілердің кәсіби деңгейлерін арттыру мақсатында бағытталған іс-шаралары жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесі