АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
Жақында Қармақшы аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың төрағалығымен кеңес отырысы болып өтті.
Қоғамдық кеңес отырысына күн тәртібіндегі қаралатын мәселе бойынша бөлім басшысы, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ:
1.«Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №232 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихат шешімінің жобасы жайлы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тиісті сала басшысының хабарламасы тыңдалып, талқыланып, аудандық қоғамдық кеңес тарапынан шешім қабылданды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасына келісім берілді.
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ