ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ 

Жақында Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың төрағалығымен қоғамдық кеңестің төралқа отырысы болып өтті. 

Аудандық қоғамдық кеңестің төралқа отырысына Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Сәтбаев, Қармақшы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Р.Әбдіқасов, Қармақшы ауданы әкімі аппаратының кадр жұмысы (персоналды басқару) бөлімінің басшысы Н.Тоқшылықов қатысты.

      КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ:

  1. «Қармақшы ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобасы жайлы.

          Хабарламашы: Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Сәтбаев.

        2. «Қармақшы ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы.

            Хабарламашы:  Қармақшы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп

бөлімінің басшысы Р. Әбдіқасов.

 

           Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының хабарламалары тыңдалып, талқыланып, Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобасына және Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасына келісім берілді.  

ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ