ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІДІ
Жақында Қармақшы аудандық қоғамдық кеңес мүшелері Ә.Сержанова және Е.Аблакиев Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ Заңының «Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі» туралы 20 бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 26 ақпандағы № 73 бұйрығының 2-тарау 1-параграфын басшылыққа алып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімінің тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетудегі жұмысының жай-күйіне» қоғамдық мониторинг жүргізді.
Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде азаматтардан және заңды тұлғалардан түскен өтініштер, арыз-шығамдар, ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған мемлекеттік қызмет түрлері, қызмет көрсету сапасын арттыру үшін проблемаларды анықтау мақсатында көрсетілетін қызметті алушылар арасында жүргізілген сауалнамалар, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар және мемлекеттік қызметтерді халыққа түсіндіру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланған мақалалар, ақпараттандырулар, сонымен қатар өткізілген дөңгелек үстелдер, семинар, кездесулер барысы, тағы басқа да атқарылып жатқан жұмыстары зерделенді. Осы зерделеу қорытындысымен 25 қыркүйек 2025 жылы өткізілген аудандық қоғамдық кеңес отырысы кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөліміне ұсынымдар берілді.
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ