Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиялары назарына

Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиялары назарына

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты №114, №116 аудандық учаскелік сайлау комиссияларының  құрамынан шығып қалған мүшелерінің  орнына сайлау өтетінін хабарлайды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсыныстар қабылданады. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Аудандық учаскелік  сайлау комиссиясының құрамында «AMANAT», «Ақ жол», «Ауыл» саяси партияларынан  бір-бір мүше болғандықтан, одан басқа саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсыныстар қабылданады.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиясы 2025 жылдың 26 мамыр пен 09 маусым аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша аудандық учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) аудандық учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме; 

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі; 

4) кандидаттардың аудандық учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;

5) соттылығы жоқ туралы анықтама;

6) психикалық, наркологиялық және туберкулез диспансерінде тіркеуде жоқ туралы  анықтама.

 Аудандық учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері аудандық мәслихаттың https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karmakshy?lang=kk сайтында орналастырылған.

Аудандық учаскелік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Аудандық №114, №116 учаскелік сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 26 мамыр мен 09 маусым аралығында дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін. Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қаралмайды.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі, № 1 үй. Жауапты адам - Төрешов Еркін Бекішұлы, каб.№14, қалааралық телефон коды (872437), қызметтік 2-16-46, ұялы телефон - 8 778 692 88 45, факс нөмірі - 2-27-63, электрондық пошта мекен-жайы: karmakshi_maslihat@mail.ru