Қоғамдық мониторинг жүргізілді

Қоғамдық мониторинг жүргізілді

2025 жылдың көктем айларында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков және коммуналдық саланың қыр-сырын меңгерген аудан ақсақалдары Жосалы кенті әкімдігімен бірге аяқ су арықтарының жай-күйіне, су өткізу жағдайларын зерделеу мақсатында қоғамдық мониторинг жүргізді. Зерделеу жұмыстары барысында Жосалы кентіндегі аяқ су арықтарының жағдайымен танысып, саябақтар мен көшелерге аяқ судың жеткілікті баруын бақылады. Осымен қатар Жосалы кентінің батыс бетінде орналасқан тұрмыстық қалдықтарды, ашық жатқан күл-қоқыс төгетін полигонның санитарлық талаптарға сәйкестігін қадағалап көріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Қоқыс полигондары қатаң бақылауға жататындығын айтып, аталған мәселелерге байланысты алдағы атқарылуға тиіс жұмыстарға тоқталды.