Азаматтар жиындары

Азаматтар жиындары

2025 жылдың 1-2 сәуір күндері Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Т.Глуханькова Ащылысай округі әкімдігі ұйымдастырған Ақкөл, Бозтөбе және Ащылысай ауылдарының тұрғындарының жиындарына қатысты.

Жиындарда тұрғындармен көпірді жөндеу, ауыл ішіндегі жаңа асфальтпен жүк көліктерінің өтуіне тыйым салу, санитарлық тазалау, ауылдарды абаттандыру, мал жаю туралы бірқатар мәселелер талқыланды. Барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.