2025 жылғы 31 наурызда Қарғалы ауданының қоғамдық кеңесінің жаңа құрамының отырысы өтті. Бірінші отырыс қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы Н.Ағытаеваның төрағалығымен өтті.
Отырыста кеңес төрағасы, кеңес комиссияларының төрағалары мен мүшелері, кеңес төралқасы сайланды және кеңестің ережесі бекітілді.
Кеңес төрағасы болып Ж.Исмағулова, кеңес комиссияларының төрағалары болып Е.Айтпаева мен Р.Рахимова және төралқа құрамына Ж.Исмағулова, С.Аманжолов, Р.Рахимова, Е. Айтпаев сайланды.