Қарғалы аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

Қарғалы   аудандық   мәслихатының кезектен  тыс  қырық   тоғызыншы  сессиясын шақыру  туралы

       

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан    Республикасының    жергілікті   мемлекеттік  басқару  және  өзін – өзі  басқару  туралы»  Заңының  10  бабының   2 – тармағына сәйкес  ӨКІМ  ЕТЕМІН:

          Қарғалы   аудандық  мәслихатының  кезектен  тыс  қырық  тоғызыншы сессиясы  2026  жылдың   шілде  айының    29 – на   шақырылсын.

          Қарғалы аудандық  мәслихатының  кезектен  тыс  қырық  тоғызыншы сессиясының    күн тәртібіне  келесідей  мәселелер енгізілсін:

  1. Қарғалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы  19 желтоқсандағы  №403  «2026-2028  жылдарға  арналған  Қарғалы аудандық бюджетін бекіту  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Қарғалы аудандық  мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №423 «Қарғалы ауданының 2026-2030 жылдарға даму жоспары туралы» шешіміне  өзгерістер  енгізу  туралы.
  3.    Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы  12 сәуірдегі №109 «Аудан әкімдігі  мүшелерінің құрамын бекіту туралы»  шешіміне өзгерістер  енгізу туралы.
  4.    Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы  5 маусымдағы №304«Аудан әкімдігі  жанындағы  құқық  бұзушылықтың алдын алу  жөніндегі  ведомствоаралық   комиссияның  құрамын  бекіту туралы»  шешіміне өзгерістер  енгізу туралы.
  5.   Аудандық  мәслихаттың  2015 жылғы   6 қарашадағы   №362 «Сыбайлас   жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  жөніндегі  аймақтық  комиссия  құрамын  бекіту  туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу  туралы.

        

Мәслихат   төрағасы                                                                     С.Аманжолов