Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты мен кездесу

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты мен кездесу

2026 жылдын 19 мамырда Қарғалы ауданына Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Б.Тілегенова іс-сапармен келіп, аудан орталығында өнер мектебінде оқытушылармен, мәдениет қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде ол өзінің депутаттық қызметі, 2025-2026 жылдары атқарылған жұмысы, облыстық бюджеттің қолдауымен ауданда орындалған іске асырылған жобалар туралы айтып берді. Ауылды дамыту, мәдениет саласы және әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері талқыланды. Мәдениет қызметкерлеріне елеулі еңбектері, мамандыққа берілгендігі және рухани құндылықтар мен дәстүрлерді сақтауға қосқан үлесі үшін ерекше алғысын білдірді. Іс-шара барысында облыстық мәслихат депутаты Б.Тілегенова мәдениет қызметкерлеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Аудан мен облыстың дамуы үшін көп жылдар бойы еңбек еткен ауданның ақсақалы С.Бисеновке жеке барып, алғыс айтып, «Зәру» панты арқылы емдейтін бірегей сауықтыру орталығына жолдама табыс етті.