Депутатпен кездесу

Депутатпен кездесу

2026 жылғы 19 мамырда Қарғалы ауданына жұмыс сапарымен Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты "AMANAT" партиясының мүшесі Б. Тілегенова келді.

Депутат Жосалы ауылында тұрғындармен кездесу өткізіп, Ақтөбе облысы мен Қарғалы ауданында өзінің депутаттық қызметі және партиялық бастамалардың жүзеге асырылуы туралы айтып берді.

Іс-шараға сондай-ақ Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы С.Аманжолов және партия аудандық филиалының атқарушы хатшысы Н.Заглядова қатысты.

Жосалы ауылының тұрғындары депутатқа қосалқы станцияны жөндеуге және ауылдың қалған көшелерін асфальттауға ықпал жасауға өтінішпен жүгінді.

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Б.Тілегенова Қарғалы ауданының Құрметті азаматы И.Кудряның 80 жылдық мерейтойы қарсаңында көп жылғы еңбегі үшін алғысын білдіріп, оған «Зәру» панты арқылы емдейтін бірегей сауықтыру орталығына жолдама табыс етті.