Сайлаушылармен кездесу

Сайлаушылармен кездесу

Аудандық мәслихат депутаты және «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде Ж.Мустафина дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде мемлекет басшысының мәслихат депутаттарына жүктеген міндеттеріне тоқталып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайту басты мақсаттардың бірі екенін атап өтілді.  

Кездесу барысында тұрғындар Целинная, Достық, Есет батыр және Жамбыл көшелеріне жарық орнату мәселелері көтерілді. Бұл мәселелер бақылауға алынып, жергілікті бөлім басшыларына депутаттық сауал жолданатын болады.