
«Таза Қазақстан»
Ауданда "Таза Қазақстан" акциясы аясында жұмыстар жалғасты. 2026 жылғы 16 сәуір күні аудандық мәслихат төрағасы С.Аманжолов басшылығымен аудандық мәслихат депутаттары А.Балғазин, Н.Заглядова, Д.Кужаков аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин көшесіндегі құраған ағаштарды кесу, санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстарын ұйымдастырды.
Аудандық мәслихаттың, әкімдіктің, "Аманат" партиясының, газ учаскесінің, Қазақтелекомның ұжымдары көше тұрғындарымен бірлесе отырып, көшені тұрмыстық қоқыстардан тазартты, құраған ағаштарды кесіп, қоқыстарды қоқыс полигонына шығарды.