Аудандық мәслихат төрағасының есебі

Аудандық мәслихат төрағасының есебі

2026 жылғы 12 ақпанда депутаттардың, аудан әкімі Н.Унербаевтың, ауылдық округтер (ауыл) әкімдерінің, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдерінің, аудан әкімдігі бөлімдері мен ұйымдар басшыларының қатысуымен аудандық мәслихаттың 44 - ші кезекті сессияның және тұрақты комиссиялардың отырыстары өтті.

Тұрақты комиссиялардың отырыстарында аудандық бюджетке өзгерістер енгізу, ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысы және Қарғалы ауданындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысқа қарсы күресті одан әрі күшейту туралы мәселелері қаралды.

Кезекті сессия отырысында Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы С.Аманжоловтың 2025 жылғы атқарылған жұмыс туралы депутаттары алдында есебі тыңдалды. Аудандық мәслихат депутаттары есепті тыңдап, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жақсы бірлескен жұмысын атап өтіп, өз ұсыныстарын енгізіп, талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылдады. Сондай-ақ сессияда аудандық бюджеттегі, сайлау комиссияларының, тұрғын үй комиссиясының құрамындағы өзгерістер қаралып, бекітілді және Қарғалы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна ставкалары бекітілді.