Қарғалы аудандық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясын шақыру туралы

Қарғалы  аудандық  мәслихатының кезекті  қырық  төртінші  сессиясын шақыру  туралы

    

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан    Республикасының    жергілікті   мемлекеттік  басқару  және  өзін – өзі  басқару  туралы»  Заңының  10  бабының   2 – тармағына сәйкес  ӨКІМ  ЕТЕМІН:

          Қарғалы   аудандық  мәслихатының  кезекті  қырық  төртінші сессиясы  2026  жылдың   ақпан    айының     12 – не  шақырылсын.

          Қарғалы аудандық  мәслихатының  кезекті  қырық  төртінші сессиясының    күн тәртібіне  келесідей мәселелер енгізілсін:

  1. Қарғалы аудандық  мәслихат  төрағасының  атқарылған жұмыстары  бойынша  есебі  туралы.
  2.   Қарғалы  аудандық  мәслихатының  2025 жылғы  19 желтоқсандағы №403 «2026-2028  жылдарға  арналған Қарғалы аудандық  бюджетін бекіту   тур алы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3.   Қарғалы ауданы бойынша  2026 жылға  шетелдіктер үшін туристік  жарна  мөлшерлемелерін бекіту туралы.
  4.     Аудандық мәслихаттың  2015  жылғы  5 маусымдағы    №313  «Аудан әкімі жанындағы тұрғын үй  комиссиясының құрамын  бекіту туралы» шешіміне  өзгерістер  енгізу   туралы.
  5.     Аудандық мәслихаттың  2023  жылғы 27 желтоқсандағы    №111  «Қарғалы аудандық сайлау комиссиясының  мүшелерін сайлау туралы» шешіміне  өзгерістер  енгізу   туралы.
  6. Аудандық мәслихаттың  2023  жылғы 27 желтоқсандағы  №112  «Қарғалы ауданы бойынша учаскелік  сайлау комиссияларының  құрамдарын бекіту туралы» шешіміне  өзгерістер  енгізу   туралы.
  7.  Аудандық  мәслихаттың  2023  жылғы 16 қаңтардағы    №237  «Қарғалы ауданы бойынша округтік сайлау комиссияларының  мүшелерін сайлау туралы» шешіміне  өзгерістер  енгізу   туралы.

 

    

Мәслихат   төрағасы                                                                     С.Аманжолов