
Қарғалы ауданы мәслихатының депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Г.Биязбаева Ш.Қалдаяқов ауылының тұрғындарымен Дүниежүзілік сайлау күні туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол сайлау күні демократиялық процестердің, азаматтық жауапкершіліктің және әр адамның өз елінің болашағын басқаруға қатысу құқығының құндылығын бейнелейтін маңызды күндердің бірі екенін атап өтті.