Аудандық мәслихаттың отырыстары

Аудандық мәслихаттың отырыстары

Қарғалы ауданында аудандық мәслихат депутаттарының, аудан әкімінің орынбасары Б.Бадақовтың, ауылдық округтер (ауыл) әкімдерінің, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар өкілдерінің, БАҚ және аудан әкімдігі бөлімдері басшыларының қатысуымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен кезектен тыс сессиясының отырыстары өтті.

Тұрақты комиссияның және сессияның отырыстарында ауылдық округтердің (ауыл) бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Аудандық мәслихат депутаттары барлық мәселелерді талқылап, өз ескертулерін, ұсыныстарын енгізіп, талқылау қорытындысы бойынша тиісті қаулылар мен шешімдер қабылдады