
2025 жылғы 12 қарашада аудандық мәслихат депутаттарының, аудан әкімі Н.Унербаевтың, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ басшыларының қатысуымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және кезектен тыс сессиясының отырыстары өткізілді.
Аудандық бюджетке өзгерістер енгізу, Қарғалы ауданында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы өзекті мәселелер, оларды шешудің мүмкін жолдары, аудан әкімдігінің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің қаржы қаражатын сапалы игеруі, Бадамша агротехникалық колледжінде техникалық кәсіптік білім беру сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар және басқа да мәселелер қаралды.
Аудандық мәслихат депутаттары өз ескертулерін, ұсыныстарын енгізіп, талқылау қорытындысы бойынша тиісті қаулылар мен шешімдер қабылдады.