
Бадамша ауылдық округінде 2025 жылғы 30 қазанда депутаттардың сайлаушылармен аудандық мәдениет үйінде есептік кездесуі өтті. Аудандық мәслихат депутаттары, "AMANAT" партиясының мүшелері С.Аманжолов, Н.Заглядова және Д.Кужаков сайлаушыларға аудандық мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы есеп берді.
Депутаттар өз қызметі туралы айтып, аудан орталығы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.