
2025 жылғы 28 қазанда сайлаушылармен кезекті кездесу Қосестек ауылдық округінде өтті, онда мәслихат депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Ю.Сенич сайлаушылар алдында өзінің депутаттық қызметі туралы есеп берді.
Депутат аудандық мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметі туралы айтып, сайлаушылар қойған сұрақтарға жауап берді.