Заседания районного маслихата

Заседания районного маслихата

Қарғалы ауданында аудандық мәслихат депутаттарының, аудан әкімі Н.Унербаевтың, ауылдық округтер (ауыл) әкімдерінің, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар өкілдерінің, БАҚ-тың және аудан әкімдігі бөлімдері басшыларының қатысуымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен кезектен тыс сессиясының отырыстары өтті. Тұрақты комиссиялар мен сессиялардың отырыстарында ауылдық округтердің (ауыл) бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер және басқа да бірқатар мәселелер қаралды.

Аудандық мәслихат депутаттары барлық мәселелерді талқылап, өз ескертулерін, ұсыныстарын енгізіп, талқылау қорытындысы бойынша тиісті қаулылар мен шешімдер қабылдады.