Ащылысай ауылдық округінде Қарттар күніне арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Еңбек ардагерлері, зейнеткерлер үшін дастархан жайылып, жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Т.Глуханькова қарттар күніне арналған барлық іс-шараларға қатысты. Сондай-ақ, депутат ауылдастарының бірқатар отбасыларына барып, оларды Қарттар күнімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.