Cаяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына

Cаяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына

Қаражал қаласының  учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы  Қаражал қалалық мәслихатының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

            Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 және 19 – баптарына сәйкес учаскелік  сайлау комиссиясының  кейбір мүшелерінің өз міндеттерін атқарудан босатылуына байланысты Қаражал қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгеріс енгізетінін хабарлайды.

Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссиядан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылдың 11 сәуірінен бастап қалалық мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірмені;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; 

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері қалалық мәслихаттың https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karazhal сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалған күні көрсетілуі тиіс.

            Қалалық мәслихат ұсыныстарды 2025 жылдың 11 сәуірінен бастап 25 сәуірі (қоса алғанда) аралығында (сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) төмендегі мекен-жай бойынша қабылдайды:        

Қаражал қалалық мәслихаты,  Қаражал қаласы, Абай көшесі, 9.

Қалалық мәслихаттың төрағасы – Зәмзәгүл Қажымұқанқызы Оспанова.

            Материалдарды жинауға жауапты – қалалық мәслихат аппаратының бөлім басшысы  Ақелік Алпысбайқызы Нұрмағанбетова жұмыс тел. 8(71032) 2-64-40, каб. 203, электрондық почта maslihatkarazhal@mail.ru  

 

Реттік нөмірі

Комиссия түрі

Сайлау комиссиясының

орналасқан жері

Комиссия мүшелерінің саны

Қаражал қаласының учаскелік сайлау комиссиясы

1

Учаскелік сайлау комиссиясы №65

Бұрынғы 14 дүкеннің ғимараты, Қаражал қаласы, Ысқақов көшесі, № 20

1

2

Учаскелік сайлау комиссиясы №66

"Наурыз" сауда ойын-сауық кешені, Қаражал қаласы, Әлиев көшесі, № 22а

2

3

Учаскелік сайлау комиссиясы №70

Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің "№ 30 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жәйрем кенті, Мұратбаев көшесі, № 11

1

4

Учаскелік сайлау комиссиясы №71

"Жайрем кентінің мәдени-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Жәйрем кенті, Абай көшесі, № 22

1

5

Учаскелік сайлау комиссиясы №72

Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің "Балдырған" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Жәйрем кенті, Сейфуллин көшесі, № 10/1

1

6

Учаскелік сайлау комиссиясы №73

Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің "№10 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жәйрем кенті, Металлургтер көшесі, № 85

1

7

Учаскелік сайлау комиссиясы №75

Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің "№10 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жәйрем кенті, Металлургтер көшесі, № 85

2

           

4,5,6 нысандар