Х А Б А Р Л А М А
Қаражал қалалық мәслихатының кезекті XXVII сессиясы 2025 жылдың 17-наурызында сағат 14.30-да Қаражал қаласы әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады.
Сессия қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарының Қаражал қаласында орындалуы туралы;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының Қаражал қаласында іске асырылу барысы туралы;
- Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары туралы;
- Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №219 «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №241 «2025-2027 жылдарға арналған Жәйрем және Шалғы кенттерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Басқа да мәселелер.
Қалалық мәслихаттың төрағасы З.Оспанова