Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы, Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Қаражал қаласының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланады.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 11 адам, оның 2 – мемлекеттік органның өкілдері, 9 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсына алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабына сәйкес конкурсқа қатысушыларға мынадай талаптар қойылады:
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңес құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін (өтініш үлгісі тіркеледі);
2) өмірбаяндеректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00 -ден сағат 18.30 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30 аралығы.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері 2025 жылғы 3 ақпаннан 2025 жылдың 14 ақпанына (қоса алғанда) дейін жүргізіледі.
Кандидатуралар бойынша ұсынысты мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: 200122, Қаражал қаласы, Абай көшесі, 9, «Қаражал қалалық мәслихатының аппараты» ММ-сі кабинет №205 Электронды мекенжай: maslihatkarazhal@mail.ru,
Байланыс телефоны 8(71032)2-62-40, 2-68-47, 2-64-40.