2026 жылы 23 шілдеде Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

2026 жылы 23 шілдеде Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

2026 жылғы 23 шілдеде Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Өңіріміздің өзекті мәселелері талқыланды. Күн тәртібіне енгізілген негізгі мәселелер:

  • Қаражал қаласының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы;
  • Жәйрем және Шалғы кенттерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы;
  • Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Басты жаңалықтар мен бөлінген қаржы бағыттары:

  • Жәйрем кентінің инфрақұрылымы: мемлекеттік сатып алулар нәтижесінде үнемделген қаражат есебінен кент көшелерін жарықтандыруға, сумен жабдықтауды ұйымдастыруға және алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына қаржы бөлінді.
  • Әлеуметтік қолдау: халықтың әлеуметтік осал топтары үшін пәтер сатып алуға қажетті қаражат қарастырылды.
  • Әлеуметтік мәні бар аурулар: қолданыстағы қағидаларға өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына сәйкес, әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесіне кіретін азаматтарға 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету көзделді.