ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

Қаражал қалалық мәслихаты төрағасының

Ш Е Ш І М І

Қаражал қаласы                   № 2                    2026 жылғы 16 наурыз

 

Қалалық мәслихаттың

кезекті XLII сессиясын

шақыру туралы

 

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес:

  1. VIII шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының кезекті XLII сессиясы 2026 жылдың 27-наурызында сағат 11.00-де Қаражал қалалық мәслихатының мәжіліс залында шақырылсын.
  2. Мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге - сессияға кемiнде он күн қалғанда хабарлансын.

Сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде бес күн қалғанда табыс етілсін.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қалалық мәслихаттың төрағасы    З.Оспанова                              

 

 

Х А Б А Р Л А М А

 

         Қаражал қалалық мәслихатының кезекті  XLII сессиясы 2026 жылдың 27-наурызында сағат 11.00-де  Қаражал қалалық мәслихатының мәжіліс залында шақырылады.

Сессия  қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Мәдениет және спорт салаларын дамытудың 2025-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы Қаражал қаласының әкімігің орынбасары Д.Оспанбекованың есебі.
  2. Қаражал-Жәйрем аймағының әкімдерінің абаттандыруға, көгалдандыруға және санитарлық тазалауға және абаттандыруды дамыту саласына бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндег есебі. Жасыл желектерді, гүл бақтар мен саябақтарды күтіп ұстау мен суару мәселелері туралы.
  3. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді тәсілдемесі. Аймақта нашақорлық, лудомания мен буллингтің алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдар мен қызметтердің жұмыс нәтижелері туралы Қаражал қаласының әкімінің орынбасары Д.Оспанбекованың есебі.
  4. Басқа да мәселелер.