Х А Б А Р Л А М А

Х А Б А Р Л А М А

Қаражал қалалық мәслихаты төрағасының

Ш Е Ш І М І

Қаражал қаласы                   № 1                    2026 жылғы 13 ақпан

 

Қалалық мәслихаттың

кезектен тыс XL сессиясын

шақыру туралы

 

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес:

  1. VIII шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс XL сессиясы 2026 жылдың 17-ақпанында сағат 15.00-де Қаражал қалалық мәслихатының мәжіліс залында шақырылсын.
  2. Мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге - сессияға кемiнде үш күн қалғанда хабарлансын.

Сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде үш күн қалғанда табыс етілсін.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қалалық мәслихаттың төрағасы    З.Оспанова                              

 

 

Х А Б А Р Л А М А

 

         Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс XL сессиясы 2026 жылдың 17-ақпанында сағат 15.00-де  Қаражал қалалық мәслихатының мәжіліс залында шақырылады.

Сессия  қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №332 «2026 - 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №333 «Ұлытау облысы Қаражал қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  3. Қаражал қаласының учаскелік референдум комиссия мүшелерін қабылдау туралы.
  4. Басқа да мәселелер.

Қалалық мәслихаттың төрғасы                                      З.Оспанова