Қаражал қалалық мәслихатының XXXVIII кезекті сессиясы өтті

Қаражал қалалық мәслихатының XXXVIII кезекті сессиясы өтті

Қаражал қалалық мәслихатының XXXVIII кезекті сессиясы табысты өтті!

25 желтоқсанда Қаражал қалалық мәслихатының XXXVIII кезекті сессиясында қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды мәселелер кеңінен талқыланды.

Күн тәртібіндегі басты сұрақтар:

2026–2028 жылдарға арналған Қаражал қаласының, Жәйрем және Шалғы кенттерінің бюджеттері;

Қаражал қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму бағдарламасы;

«AMANAT» партиясының Жол картасының іске асырылу барысы;

Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшеріне енгізілген жаңартулар;

Бөлшек салықтың арнаулы режиміне қатысты шешімнің күшін жою;

Жастар саясаты тұжырымдамасының іске асырылуы;

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмысының қорытындылары;

2025–2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық;

Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен төраға есебі.

Сессия барысында қала өміріне стратегиялық әсер ететін маңызды шешімдер қабылданып, жылдық қорытынды жасалды. Қаражал қалалық мәслихаты тұрғындар мүддесін қорғауды әрі қаламыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуді жалғастыра береді.