Қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХV сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХV сессиясы өтті

27 қараша күні  Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия отырысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

  1. Қаражал қалалық мәслихаты депутатына мандат беру туралы мәселе.
    2025 жылдың 26 қазанында өткен Ұлытау облысы Қаражал қаласы №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына өткен сайлау нәтижелері туралы Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде, №6 сайлау округі бойынша Курмансеитов Жалгаскан Ахатович депутат болып сайланды.
    1985 жылы туған, «Қазыналы өңір» редакциясы газеті» ЖШС директоры, «AMANAT» партиясының ұсынуымен тіркелген.
  2. Қаражал қалалық мәслихатының «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2025 жылғы 17 наурыздағы №248 шешімінің күшін жойылды деп тану туралы мәселе.
  3. Қаражал қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы мәселе.
    2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты, Қаражал қаласында Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабының 1-бөлігінде белгіленген мөлшерлемені 4%-дан 3%-ға дейін төмендету ұсынылды.

Бұл бастама қалалық мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
Мөлшерлеменің төмендеуі бизнес-ахуалды жақсартуға, салық жүктемесін жеңілдетуге, көлеңкелі экономиканы азайтуға, сондай-ақ кәсіпкерлік сектордың іскерлік белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

          Сессия жұмысына қала әкімінің м.а. А. Наукенов, мемлекеттік мекеме басшылары, Қаражал қаласы бойынша кірістер басқармасының басшысы, сондай-ақ Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының Қаражал қаласы филиалының директоры қатысты.